Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты •

    Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында WBO белбеуінен айырылды

    Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында WBO белбеуінен айырылды

    Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) бүгін ІВF титулына үміткер жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 KO) кездесудің нәтижесіне қарамастан WBO атағынан айырылады. Бұл туралы Vringe.com сайты мәлімдеді.

    Бокс сарапшысы Бен Дэймонның айтуынша, бұл жайтқа қатысты мәселе қарсылас команданың промоутерлік саудада ұтып кетуінен соң туындаған.

    Олар тек IBF атағын сарапқа салғысы келетінін айтқан. WBO бұған келісіп, екеуін қатар қорғауға рұқсат берілгенде ғана Әлімханұлының белбеуін сақтап қаламыз деген. Енді бұл жекпе-жекте тек IBF белбеуі қорғалатыны анықталды. Бұл дегеніміз Жәнібек біріктірілген әлем чемпионы атағынан айырылады деген сөз.

    «Жаңа ғана екі тарап та WBO белбеуі сарапқа салынбайтынын растады. Тек IBF болады», — деп жазды Дэймон.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →