Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді

Әлеуметтік желі балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдырып жатыр – Тоқаев

Әлеуметтік желі балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдырып жатыр – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысып, балалар қауіпсіздігі тақырыбына тоқталды. 

Президенттің сөзінше, қоғамда болып жатқан көптеген мәселенің түп-тамыры ата-ананың бала тәрбиесіне өз деңгейінде араласпауынан.

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың ең басты басымдығы. Салалық министрлік болсын, әкімдік немесе құқық қорғау құрылымы болсын, уәкілетті органдардың бәрі өз қызметін мүлтіксіз орындап, жұмысын үйлестіруі керек. Бақытты балалықтың негізі отбасы институты екенін және солай болып қала беретінін түсінген жөн. Біздің қоғам қазір бетпе-бет келген көптеген мәселе мен кеселдің түп-тамыры ата-аналардың бала тәрбиесіне өз деңгейінде араласпауынан басталады”, – дейді президент. 

Тоқаевтың сөзінше, ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналды.

“Балаларға қатысты кез келген қайғылы жағдай жаныма батады. Мемлекеттік органдардың назарын дереу осындай жағдайларға аударып, тиісті тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауымда ұстаймын. Сөз жоқ, заманауи технологиялар дамуға даңғыл жол ашқанымен, өмірімізге айтарлықтай қауіп төндіреді. Танымал әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін. Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Гаджеттердің құрсауында қалдыруға тіпті болмайды. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты”, – дейді Тоқаев. 

Сондай-ақ мемлекет басшысы ата-аналарға ұл-қыздарына көңіл бөліп, оларды алаңдатқан мәселелер жайында әңгімелесу маңызды екенін жеткізді. Президент баланың смартфон немесе компьютер пайдаланған кезінде не істеп жатқанын қатаң қадағалау қажет дейді.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →