Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Түркістан облысында зорланған 13 жастағы мектеп оқушысы қыз босанған — Динара Зәкиева

    Түркістан облысында зорланған 13 жастағы мектеп оқушысы қыз босанған — Динара Зәкиева

    Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысындағы сұмдық жағдайды жайып салды. Ол оңтүстік өңірдегі жантүршігерлік жағдайлардың көп екенін мәлімдеді. Айтуынша, елес ауданында 13 жастағы қыз зорланып, қыз бала босанған. 7-сыныпта ана атанған қыз бүгінде мектепк ебара алмай отыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Келес ауданында зорлық-зомбылық салдарынан 13 жасында бала босанған қыз жыл басынан бері мектепке бармай отыр. Мектеп директорының орынбасары жағдай туралы хабардар болғанына қарамастан, ешқандай шара қолданбаған және жағдайды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жібермеген», — дейді Динара Зәкиева.

    Уәкіл балалардың қорлануын, зорлық көруін болдырмау үшін қамқоршылық органдарының қызметкерлерін көбейту керек деген ұсыныс айтты.

    «Олардың саны 5 мың балаға  шаққанда 1 қызметкер болуы керек. Мысалы, Сарыағаш ауданында қазір 58 мың балаға 1 қызметкер бар. Қызметкердің өзі үлгермейтінін айтады. Әр баланың құқықтары әр жағдайда қорғалып, нәтижеге жетуі керек», — деп жазды Динара Зәкиева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →