Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Қылмыстық іс қозғалды: Алматыда 200 отбасы жеті жылдан бері өз үйлеріне кіре алмай келеді

    Қылмыстық іс қозғалды: Алматыда 200 отбасы жеті жылдан бері өз үйлеріне кіре алмай келеді

    Шағымданушылар құрылыс компаниясының тек бірінші кезектегі пәтерлерді сатқанын айтады. Қалғанын “жарты жылда”, “бір жылда үйлі боласыздар” деп алдап келген. Алайда үйдің құрылысы қазір тұралап тұр. Үлескерлердің айтуынша, құрылыс бұған дейін қалай тұрса, қазір де еш өзгеріс жоқ.

    “Өзіміз саяжайда тұрып жатырмыз. Оңай емес, үлкен, жасы келген адамдарға. Зейнетке шыққаннан кейін осы жерде тұрып, өмірдің қызығын көреміз бе деп едік”, – дейді үлескерлердің бірі.

    Арызданушылардың көбі үйді алу үшін несие алып, қолындағы соңғы тиынын берген. Алайда үйлі боламыз дегендер пәтер жағалап жүр. Олар шаршы метрі миллион теңге тұратын пәтерден бас тартпайтынын айтып, үйді басқа компанияға өткізіп, құрылысты бітіріп беруін талап етіп отыр.

    Үйін 10 жылға жуық уақыт күткен үлескерлер полицияға шағым түсірді.

    “Қылмыстық іс аясында 42 азамат ресми түрде жәбірленуші болып танылды. Аудиторлық тексеру, сонымен қатар басқа да сараптамалар мен зерттеу тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады. Тергеушілер қылмыстық іс қозғады”, – деп мәлімдеді Алматы полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →