Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда

    Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Алматыда сериал түсіріп жатыр

    Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Алматыда сериал түсіріп жатыр

    Отадық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова сериал түсіріп жатыр. Бұл туралы продюсер Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    Мөлдір Мұқанованың сериалына мектептегі жасөспірімдер тақырыбы арқау болған.
    «Мына Мөлдір тағы не істеп жүр дейсіздер ғой. Еліміздің болашақ жұлдыздарымен кино түсіріп жатырмыз. Астанадан Алматыға чемоданым мен актерлерімді арқалап, америкалық-корейлік стильде мектеп жайлы сериал түсіруге келдік. Басты рөлде жасөспірім 10 оқушы. 10 түрлі мінез, 10 түрлі тағдыр, 10 түрлі арман. Жасөспірімдер мен мектеп жайлы кино болғандықтан, біразыңыз үйлеріңіздегі бір-бір бойжеткен мен бозбаланың өмірін кинодан көріп, түсіне аласыздар», – дейді ол.

    Әзілкештің әйелі киноның стилін таңдауда жас балалардың қызығушылығын ескергенін алға тартады. Ол нағыз бақыт жас баланың жігерін ояту екенін де айтты.

    «Киноның стилі бүгінгінің балаларының қызығушылықтарын ескере отырып таңдалды. Түрлі салада жүріп, көріп жас баланың көзіндегі отты жағу, бойындағы жігерді оятудан асқан бақыт жоқ екенін түсіндім. Ал болашақ жарық жұлдыздарымызға сәттілік тілеп қойыңыздар», – деді Мөлдір Мұқанова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →