Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты Қарбызды қазірше жеуге болмайды: Ауыл шаруашылығы министрлігі себебін түсіндірді Грузияда Kyzdar.net сайтының халықаралық іздеудегі менеджері ұсталды Қырғызстан ЕАЭО елдеріне мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауға уақытша тыйым салды Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты Қарбызды қазірше жеуге болмайды: Ауыл шаруашылығы министрлігі себебін түсіндірді Грузияда Kyzdar.net сайтының халықаралық іздеудегі менеджері ұсталды Қырғызстан ЕАЭО елдеріне мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауға уақытша тыйым салды

Zara компаниясы қазақстандық кәсіпкерді сотқа берді

Zara компаниясы қазақстандық кәсіпкерді сотқа берді

Фото: canva.kz

Zara және OYSHO брендтерінің иесі қазақстандық кәсіпкерді өнімдерін заңсыз сатқаны үшін сотқа берді. Кәсіпкер бутигінде осы танымал маркалардың киімдерін заңсыз түрде сатумен айналысқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

ҚР Жоғарғы сотының мәліметіне сәйкес, кәсіпкер бұл тауарларды белгісіз сатушыдан қолма-қол ақшаға төмен бағамен сатып алғанын мойындады. Ол кейін өнімдерді бутигінде сатқан және оларды интернетте жарнамалаған.

Кәсіпкер атақты брендтердің тауарларын сатуға арнайы лицензия керек екенін білмегенін айтты. Компанияның өкілдері мен Әділет департаменті бутиктен құны 2 миллион теңгеден асатын, заңсыз таңбаланған 117 өнімді тәркіледі.

Сот кәсіпкерді тауар белгісін заңсыз пайдаланды деп танып, 2 миллион теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі барлық жарнаманы алып тастауға нұсқау берілді, өйткені ол да заң бұзушылық болып саналды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →