Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда

    “Кәрі қыз” деген жиіркенішті атау“. Дина Төлепберген 28 жасында тұрмысқа шыққанын айтты

    “Кәрі қыз” деген жиіркенішті атау“. Дина Төлепберген 28 жасында тұрмысқа шыққанын айтты

    Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген 28 жасында тұрмысқа шыққанын айтып, әйелдерге арналған жаңа жобасын таныстырды, — деп хабарлайды Qazaq.today сайты  Massaget.kz сілтеме жасап.

    Журналистің жаңа жобасы әйелдер мен олардың проблемалары туралы болады.

    «Қызды да, ұлды да шаңырақ көтеруге асықтырмаңыздар! Мен, мәселен, 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Сол уақытқа дейін құлағыма сағыздай жабысты «Кәрі қыз» деген жиіркенішті атау. Құтыла алмай жатқандай, «қашан тұрмысқа шығасың?» деп сұрау – манипуляция! Яғни жеке шекарадан аттау!», – деп жазды Дина Төлепберген.

    Дина Төлепбергеннің жаңа жобасының алғашқы қонағы Құралай Анарбекова болыпты.

    «Құралай да: «Құлағыңды жегідей жейтін сөздер жүрегіме ауыр тиеді» – дейді. Тағы қайталаймын, әр ұл, әр қыздың өз шекарасы бар, оны бұзбауды ата-ана, жақын деген адамдар өздерінен бастауы керек. Таяуда авторлық жобам жарыққа шығады. Din Dina Show – әйелдер үшін.
    Қонағымыз Құралай Анарбекова», – деп хабарлады журналист.

     

    Еске салайық, жақында жаңа телеграм канал ашқан Дина Төлепберген өзін түрлі бағыт пен түрлі салада байқап көргісі келетінін жеткізген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →