Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 474,9 546,6 5,91
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбай ісі: бұрынғы тергеуші сотта сөз сөйледі Мұрат Тұрдыбеков «KC Energy Group» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды «Естігенде жағамды ұстады»: Қарақат Әбілдина ой саларлық жазба жариялады «Қытайдың синтетикасы мен түріктің киімі»: Шенеуніктер халыққа арзан отандық тауарды қайдан таппақ? «Степногорскіде ауызсудың орнына батпақ ағып жатыр»: Тұрғындар әкімдіктің жауапсыздығына ашулы Өскемендегі жойқын апат: Ахмироводағы сөнген жарық пен әкімдіктің салғырттығы Нұрай Серікбай ісі: бұрынғы тергеуші сотта сөз сөйледі Мұрат Тұрдыбеков «KC Energy Group» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды «Естігенде жағамды ұстады»: Қарақат Әбілдина ой саларлық жазба жариялады «Қытайдың синтетикасы мен түріктің киімі»: Шенеуніктер халыққа арзан отандық тауарды қайдан таппақ? «Степногорскіде ауызсудың орнына батпақ ағып жатыр»: Тұрғындар әкімдіктің жауапсыздығына ашулы Өскемендегі жойқын апат: Ахмироводағы сөнген жарық пен әкімдіктің салғырттығы

    Діни ағым өкілдері: ҰҚК бірнеше қалада 50 адамды ұстады

    Діни ағым өкілдері: ҰҚК бірнеше қалада 50 адамды ұстады

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің бірнеше аймағында өткен арнайы операция кезінде 50 адамды ұстады.

    ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді.

    Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ҰҚК баспасөз қызметі.

    Олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деп күдіктелуде. 20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд теңгеден аса мүлік тонаған.

    Топтың нақты иерархиясы мен қатысушыларының рөлдерінің бөлінуі болған, олар қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдерінен, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған.

    Тінтулер барысында банк карталары, ірі ақша қаражаты, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →