Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда Газ отыны: үнемдеу ме, әлде қосымша шығын ба? Аида Балаева БҰҰ еріктілер бағдарламасының өкілімен кездесті Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда Газ отыны: үнемдеу ме, әлде қосымша шығын ба? Аида Балаева БҰҰ еріктілер бағдарламасының өкілімен кездесті

    «Осындай жар сыйлағаныңызға рақмет»: Бүркіт әйелінің анасына көлік сыйлады

    «Осындай жар сыйлағаныңызға рақмет»: Бүркіт әйелінің анасына көлік сыйлады

    Фото: https://www.instagram.com/berkut_aibekjan/

    Отбасылық дуэт Бүркіт пен Аиша аналарын қуантып, көлік сыйлады. 

    Өнер иесі көлікті әйелінің алғанын жасырмады.

    “Мен әлі жұбайымнан көп нәрсе үйренуім керек екен. Бұл Аишаның өзінің анасына сыйы. Иә, түсінем, үй иесі мен болғанмен, анасы ғой. Мен айттым, «Бұл қызыңыздың сізге сыйлаған сыйы» деп. Не деген қарапайымдылық десеңші, Аишанікі. «Жоқ, бұл Айбек жасаған сыйлық, нақты өзінің инициативасы» деп шетте тұр. Мен біртүрлі сезімде болдым шынымды айтсам… Басқа адам болса «Иә, анашым, бұл менің сыйлығым” деп кеудесін қағар еді. Аллаһыма мың рақмет, маған осындай жар сыйлағанына! Жұмада жасаған игі ісіміз! Сондықтан мен жұбайымнан әлі де қарапайымдылықты үйренуім керек екен деген шешімге келдім», – деп жазды әнші.

     

    Желі қолданушылары Аишаның өмірден қарапайым екенін жарыса жазып жатыр.

    “Студияда істегесін түрлі жұпты көреміз. Бүркіт пен Аишаның махаббаты сондай шынайы”, “Аишаның анасы өзінен жас көрінеді екен”, “Құтты көлік болсын”, “Керемет сәт, көзге жас үйірілді”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

    Еске салайық, Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталған еді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →