Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз •

    170 млн теңге: Қырғызстаннан Қазақстанға 3,3 кг алтын өткізбек болғандар ұсталды

    170 млн теңге: Қырғызстаннан Қазақстанға 3,3 кг алтын өткізбек болғандар ұсталды

    Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы «Кең-булуң» бақылау-өткізу бекетінде Қазақстанға көлік ішінде 3,3 келі алтын құймаларын алып өтпек болғандар ұсталды.

    Фото: instagram.com/gknb.official

    Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

    Комитет мәліметінші, 17 қыркүйек күні «Кен-Булун» бақылау бекетінде Қазақстанға бет алған Lexus 470 маркілі көлігі тоқтатылып, көлікті тексеру барысында арнайы орнатылған жасырын орын анықталған. Ол жерден салмағы 3,3 кг болатын Қырғызстаннан шығаруға рұқсат құжаттары жоқ алтын құймалары табылды.

    «Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары аясында республикалық бюджетке келтірілген шығын көлемін есептеу, сондай-ақ құрамында алтыны бар металдарды заңсыз алып өтуге қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстары ұйымдастырылуда», – делінген хабарламада.

    Алдын ала мәлімет бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері алтын құймаларының жалпы бағасын шамамен 30 миллион сомға бағалап отыр. Бұл шамамен 170 млн теңгені құрайды.

    Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда қылмыстық топтың кен орындарынан алтын мен қымбат металл ұрлап келгені туралы жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →