Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз •

    Астанада бір пәтерде мыңға жуық адам «тұрған»

    Астанада бір пәтерде мыңға жуық адам «тұрған»

    Елордада пәтеріне мыңға жуық адамды тіркеген әйел қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Аслан Аталықов айтты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz cайтына сілтеп.

    «Еліміз бойынша 1 348 «резіңке пәтер» анықталды. Онда 36 мың адам тіркелген. Ішкі істер органдары адамдарды заңсыз тіркеуге қойған, 200 мыңнан аса адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде «резіңке пәтерлердің» саны азайып жатыр, — деді Аслан Аталықов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

    Төраға адамдарды пәтерге заңсыз тіркегені үшін заңда әкімшілік те, қылмыстық жауапкершілік те барын ескертті.

    «Мысалы, Астанада әйел пәтеріне шамамен 1 мың адамды заңсыз тіркеуге қойған. Осылайша, ол заңсыз көші-қонды ұйымдастырған. Пәтердің иесі қылмыстық жауапқа тартылып, бас бостандығы шектелді», — деді ІІМ өкілі.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →