Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көкшетауда тергеу изоляторында қамаудағылардың тамағы мен ауызсуына қатысты шу шықты Ұлттық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда қазақстандық кәсіпорындарға басымдық беріледі — Олжас Бектенов Олжас Бектенов: «Қазақстан жасалған» таңбасы тұтынушылар сенім артатын жоғары сапа белгісіне айналуы тиіс Балмұздақ зауытынан шыққан шу: Түркістан облысының халқы дабыл қақты «Тойды 3 жылдан кейін жасадық»: Диана Скатова мен күйеуі ауыр сынағы жайлы айтты (ВИДЕО) Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын үш ірі автокөлік жолының құрылысы басталды Көкшетауда тергеу изоляторында қамаудағылардың тамағы мен ауызсуына қатысты шу шықты Ұлттық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда қазақстандық кәсіпорындарға басымдық беріледі — Олжас Бектенов Олжас Бектенов: «Қазақстан жасалған» таңбасы тұтынушылар сенім артатын жоғары сапа белгісіне айналуы тиіс Балмұздақ зауытынан шыққан шу: Түркістан облысының халқы дабыл қақты «Тойды 3 жылдан кейін жасадық»: Диана Скатова мен күйеуі ауыр сынағы жайлы айтты (ВИДЕО) Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын үш ірі автокөлік жолының құрылысы басталды

    Қызылордада жасөспірім қыздар бұзақылық жасаған

    Қызылордада жасөспірім қыздар бұзақылық жасаған
    Қызылордада полиция қызметкерлері көше шамдарын сындырған екі жасөспірім қызды ұстады. Бұзақы жастардың әрекеті сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел басқару орталығының инспекторлары көше шамдарын сындырып жатқан екі жасөспірімді байқап, оқиға орнына жақын маңдағы полиция қызметкерлерін жіберді.

    «12, 16 жастағы екі жасөспірім қыз ұсталды. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің ата-анасы да жауапқа тартылады», делінген полиция хабарламасында.

    Бұған дейін Павлодарда 17 жастағы студент мұғалімге пышақ жұмсағанын, қазіргі уақытта педагог ауруханаға жатқаны хабарланған.

    Фото: Алматы қалалық әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →