Негізгі мазмұнға өту
Today Live

“Біз сені қатты күтудеміз“. Мейрамбек Беспаев тағы да әке атанады

“Біз сені қатты күтудеміз“. Мейрамбек Беспаев тағы да әке атанады

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев жақында тағы бір мәрте әке атанады, — деп хабарлайды Qazaq.today сайты Massaget.kz сілтеме жасап.

Қуанышты жаңалықты әншінің әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі — ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын», — деп жазды әншінің әйелі Мархабат Беспаева.

 

Еске салайық, жақында Мейрамбек Беспаев денсаулығына байланысты Түркияға емделуге барып келген болатын.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика