Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді

Паралимпиада ойындарының жеңімпазына Астана төрінен үй берілді

Паралимпиада ойындарының жеңімпазына Астана төрінен үй берілді

Астана әкімі Паралимпиада ойындарының жүлдегерлерін құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы  парақшасында Паралимпиада ойындарында ел қоржынына медаль салған спортшылармен кездескені туралы жазды.

Оның сөзінше, Ақмарал Науатбек Паралимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде ел тарихына енді.

Паралимпиада ойындарының елордалық жүлдегерлерімен кездестім. Ақмарал Науатбек елімізге көптен күткен жеңіс сыйлады. Ол пара дзюдодан әлем чемпионы атанған және Паралимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде ел тарихына енді. Әлем алдында көк туымызды желбіреткен тағы бір елордалық спортшы – Ерғали Шамей. Ерғали күміс медаль жеңіп алды. Олардың жеңісінің артында тоқтаусыз жаттығулар, темірдей тәртіп, шыдамдылық, жақындарының, бапкерлерінің қолдауы, өзіне деген сенім жатыр, — деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтердің сертификаты және 30 млн теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 млн теңге табыс етілді.

Ерғали Шамейге 2 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 25 млн теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 млн теңге табыс етілді. Ақшалай сыйақы демеушілер тарапынан берілді.

Біз өз тарапымыздан спортшыларымызға қолдау көрсетуді ары қарай да жалғастырамыз, сол сияқты қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсартып, бұқаралық спортпен шұғылдану үшін, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептеріне тиісті жағдай жасаймыз және т.б., – деп жазды әкім.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →