Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер? Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа Қарабақты қалпына келтіруге көмектескені үшін алғыс білдірді Қытай соттары ойын аккаунттарын мұраға қалдыруға рұқсат берді 14 шілдедегі ауа райы болжамы: солтүстікте дауыл мен найзағай, оңтүстікте күшті ыстық Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер? Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа Қарабақты қалпына келтіруге көмектескені үшін алғыс білдірді Қытай соттары ойын аккаунттарын мұраға қалдыруға рұқсат берді 14 шілдедегі ауа райы болжамы: солтүстікте дауыл мен найзағай, оңтүстікте күшті ыстық Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті

Алматыда Барахолка базарынан тағы да өрт шықты

Алматыда Барахолка базарынан тағы да өрт шықты

Алматыда “Барахолка” базарының Жетісу ауданы аумағында орналасқан бөлігінде өрт шықты. Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, өрт сөндірушілер 13:26-да жалынмен күресуге кіріскен. Ал 13-50-де өрт оқшауланған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Төтенше жағдайлар департаментінің техникасы өрт болған аумаққа бірден жете алмаған. Себебі базар аумағында ретсіз қойылған көліктер арнайы техникаға кедергі келтірді.

«Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы базарының аумағында орын алған жоғары дәрежедегі шақырту бойынша өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Өртке қарсы оқпандар өрт орнына үздіксіз су беріп, көршілес салынған қойма үй-жайларын қорғауға бағытталды. Өрт 13:50-де оқшауланды. Қойма үй-жайлардан тауар мен материалдық құндылықтар эвакуацияланды. 14:13-те өрт толығымен жойылды», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →