Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен кездесті Қазақстан гандболшылары әлем кубогында топ жарды Астанада газ баллоны жарылып, үш адам жараланды «Қызы тұрмысқа шықты»: журналист танымал әншілердің қуанышын сүйіншіледі Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен кездесті Қазақстан гандболшылары әлем кубогында топ жарды Астанада газ баллоны жарылып, үш адам жараланды «Қызы тұрмысқа шықты»: журналист танымал әншілердің қуанышын сүйіншіледі

    Әкелі-балалы: Алматы облысында ауыз су құбырын жөндемек болған үш адам мерт болды

    Әкелі-балалы: Алматы облысында ауыз су құбырын жөндемек болған үш адам мерт болды

    Кеген ауданында үш адам судың құдығына түсіп қайтыс болды. Аудан орталығында орын алған оқыс оқиға 16 қыркүйектің түнінде болған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Мақпал Шадан есімді тұрғынның сөзінше 1981 жылғы әкесі мен оның 2009 жылы туған ұлы да судың құдығына түсіп мерт болған. Әкелі-балалы екеу және тағы бір тұрғын бұзылып қалған ауыз судың құбырын қараңғыда жөндейміз деп құдыққа түскен. Мақпалдың айтуынша, аудан орталығында ауыз су берілмей, тоқтап қалған. Тұрғындар аудандық су каналына қарасты колодецтің қақпағын ашып, ішіне түскен.

    «Қайтыс болған бір адам 1966 жылғы. Үш адамның да денесін аудандық ауруханаға алып кетті. Колодец су каналына қарайды. Олар өмірі уақытында келмейді, сосын тұрғындар өздері судың берілуін қамтамасыз етпек болған. Құдықты жол жөндейтіндер ремонт жасағанда ішін қоқысқа толтырған да, колодецтің іші улы газға толып қалған. Үшеуі де уланып қайтыс болды. Екеуі әкелі-балалы, менің қайынағам мен оның ұлы. Жақындарым. Ұлы 15 жаста, әкесі 43 жаста. Осында құқық қорғау органдары, әкімдік бәрі келді. Олар әлден марқұмдарды кіналап жатыр. Су құбырын водаканал қараусыз қалдырған, бұзылса уақытылы қарап, жөндемейді», — деді Мақпал Шадан.

    Полиция деректі растады, тергеу басталғанын хабарлады.

    «Бұл дерек Кеген ауданының полициясында тіркелді. Қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →