Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда Баланы сүндеттеу: медициналық көрсетілімдер, заманауи әдістер және ота алдындағы тексеру Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда Баланы сүндеттеу: медициналық көрсетілімдер, заманауи әдістер және ота алдындағы тексеру

    «Қатты ұялдым»: Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісінен кейін не үшін намыстанғанын айтты

    «Қатты ұялдым»: Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісінен кейін не үшін намыстанғанын айтты

    Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Париждегі ойындарда не үшін ұялғанын айтып берді.

    «Қызық Times» бағдарламасына берген сұхбатында Сметов олимпиада барысында ағылшын тілін білмегені үшін өзін ыңғайсыз сезінгенін айтты.

    «Менің бүкіл әлем бойынша қарсыластарым мен достарым бар. Олармен сөйлесейін десем, ойымды жеткізе алмаймын. Олар да маған сұрақ қойып, әңгіме айтып жатады, бірақ мен түсінбеймін. Алайда бұл маған қатты әсер етпейтін», – дейді Сметов.

    Спортшы тіл білмегені үшін ең қатты ұялған сәтінің Олимпиадағы жеңісінен кейін болғанын атап өтті.

    “Олимпиадағы жеңістен кейін кешке басшылық пен Олимпиада чемпиондары бас қосқан мерекелік кешкі ас ұйымдастырылды. Барлығы құттықтауға келеді. Мен тек congratulations (құттықтаймын) деген сөзді түсінемін, барлығына thank you (рақмет) деп жауап беремін. Олар бірдеңе айтып жатты, мен тек қарап тұрдым, тіл білмегенім үшін қатты ұялдым. Мен бәрін түсінгендей кейіп танытып, алғыс айттым, бірақ олардың не айтқанын түсінбедім. Тек мені мақтап жатқанын сездім», – дейді олимпиада чемпионы.

    Елдос Сметов Олимпиададан кейін ағылшын тілін үйренуді алдына мақсат етіп қойғанын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →