Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді • Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан медаль жеңіп алды • Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді • Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан медаль жеңіп алды • Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды •

    Дзюдошыларымыз Загребте екі алтын медаль еншіледі

    Дзюдошыларымыз Загребте екі алтын медаль еншіледі

    Дзюдодан Загребтегі (Хорватия) Гран-При турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс еншілеп, жалпы есепте 3-орыннан көрінді, – деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат портал msports.kz-ке сілтеме жасап. 

    Жарыстың алғашқы күні Шерзод Давлатов (60 келі) пен Жанарыс Рахметқали (66 келі) чемпион атанды. Қарсыластарының бәрінен айласын асырып, қоржынымызға алтын медаль салды.

    48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева да финалға дейін жетті. Алайда шешуші белдесуде жапон қызына жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

    Соңғы жарыс күнінде Ақерке Рамазанова жарыс жолына шықты. +78 келіде сынға түскен Ақерке жұбаныш белдесуінде австриялық Мария Холвартқа есе жіберді.

    Жалпыкомандалық есепте отандастарымыз үздік үштікті түйіндеді. 4 алтын, 1 қола алған Жапония бірінші орыннан көрінді. Екінші орынды – 2 алтын, 1 күміс, 5 қола алған Франция құрамасы иеленді.

    Фото: olympic.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →