Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Финляндия Ресей спортына қарсы ЕО санкцияларын қолдады • Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Финляндия Ресей спортына қарсы ЕО санкцияларын қолдады • Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды •

    Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына терме арнады (Видео)

    Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына терме арнады (Видео)

    Танымал әнші Абай Бегей 16 жасында тұрмыс құрған қызына арнап терме айтты. 

    Өнер иесінің қызы Сымбат үйіне тұрмысқа шыққаннан кейін алғаш рет келді.

    “Келін болған қызымды көріп көңілім бұзылды

    танымайтын жат елдің, шайын құйып, сызылды

    Көлегейлеп көзімді, көзімнен жасым үзілді

    Еркелігі үйдегі елес боп көзге ілінді”, – деп жырлады әнші.

    Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жылы лебіздерін жарыса жазып жатыр.

    “Абайдың қызына деген сағынышы осы термемен жетті”, “Екі жас бақытты болсын!”, “Өте дұрыс жазылған терме екен”, “Күйеу бала алған қызын жылатпауы керек”, “Қайта-қайта тыңдап, жылай бердім”, – деп жазды көпшілік.

    Айта кетейік, өнер иесінің 16 жастағы қызын ақтаулық жігіт алып қашқан болатын. Алайда әнші қызын ұзатып бермек болды.

    Одан кейін Абай Бегей қызының құдалығына қатыспағанын жазған едік.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →