Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтуда Қарағандыдағы ауруханада өрт шықты: құтқарушылар 20 науқасты эвакуациялады Президент тапсырмасымен жас ғалымдар баспаналы болды «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтуда Қарағандыдағы ауруханада өрт шықты: құтқарушылар 20 науқасты эвакуациялады Президент тапсырмасымен жас ғалымдар баспаналы болды

    Елена Рыбакина бапкерімен не үшін қоштасқанын айтып берді

    Елена Рыбакина бапкерімен не үшін қоштасқанын айтып берді

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина өзінің бапкері болған хорватиялық маман Стефано Вуковпен неліктен байланысын үзгені туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    АҚШ ашық чемпионатында аустралиялық Дестани Айаваны жеңгеннен кейін баспасөз мәслихатында қазақстандық теннисші журналистер сұрағына жауап берді.

    «Әрине, қазір бәрі басқаша. Біз онымен (Стефано Вуковпен) бірге 5 жыл жұмыс істедік. Бұл жолы мені Юрий Щукин қолдады. Біз тактика, бәрін талқылап, матчқа дайын болдық. US Open алдындағы маңызды шешім дейсіз бе? Мен бұл туралы көп айтқым келмейді. Қош айтысу туралы бұл – біздің шешіміміз. Менің бапкеріме байланысты жағдай өзгеретін болса, хабар беремін», — деді Рыбакина.

    Еленаны қазіргі кезде уақытша қазақстандық маман Юрий Щукин жаттықтыруда. Ол Д.Айавамен ойын кезінде мінбеде отырды.

    Рыбакина екінші айналымда әлемнің 143-ракеткасы, 27 жастағы франциялық Джессика Поншемен кездеседі.

    Биылғы АҚШ чемпионаты теннис тарихындағы жүлде қоры ең қомақты жарыс болмақ. Ойыншылар 75 млн АҚШ доллары көлемінде табыс табады, бұл өткен жылғыдан 15 пайызға көп.

    2023 жылы мұнда әйелдер арасында америкалық Кори Гауфф үздік шыққан еді.

    Фото: Jimmie48 Photography, WTA

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →