Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, құқықтық тәртіпті нығайтуды тапсырды • Үштөбеде «Таза Қазақстан» аясында жаңартылған саябақ ашылды • Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, құқықтық тәртіпті нығайтуды тапсырды • Үштөбеде «Таза Қазақстан» аясында жаңартылған саябақ ашылды • Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты •

    Сәкен Бибосынов мансабына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

    Сәкен Бибосынов мансабына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

    Фото: Olympic.kz / Тұрар Қазанғапов

    Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі  Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасынан соң мансабын әрі қарай жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Айта кетелік, әлеуметтік желіде Мырзағали Айтжановтың соңынан Бибосыновтың да құрамадан кететіні туралы ақпар тараған. Спортшы  бұл жаңалықтың шындыққа  жанаспайтынын жеткізді.

    «Ештеңе өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әлі де бокстамын. Олимпиадада ойдағыдай нәтиже көрсете алмадым. Елге келіп, бірден жаттығуға кірісіп кеттім.

    Желіде біраз адам менің құрамадан кететінім туралы хабар таратыпты. Бұл шындыққа жанаспайды, жалған мәлімет.

    Иә, қазір бапкерлер құрамы ауысқан соң, алдағы жарыс жоспарларына қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Алайда, үлкен спорттан әлі кетпегенімді, әрі қарай жұдырықтасатынымды айтқым келеді.

    Ал Олимпиадаға келер болсақ, біздің біраз жігіттер 2:3 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Бұл сәтсіздік бізді шыңдай түсеріне сенемін.

    Мырзағали Айтжанов ағайымыз ұлттық құрамадан кетсе де, оның еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Бапкеріммен әрдайым біргемін», — деді Бибосынов.

    Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы әрі әлем  біріншілігінің қола жүлдегері (2021,2019), Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (2020).

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →