Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Теннисші Путинцева әлемдік рейтингте бірден 199 сатыға жоғарылап, ТОП-100-ге кірді

    Теннисші Путинцева әлемдік рейтингте бірден 199 сатыға жоғарылап, ТОП-100-ге кірді

    Фото: Jimmie48 Photography, WTA

    Өткен аптада жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің финалына дейін жеткен Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде 94-орынға көтеріліп, ТОП-100-ге кірді.

    Бұрын 293-орында тұрған қазақстандық теннисші бірден 199 сатыға жоғарылап, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты.

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 48-ден 49-ға төмендеді.

    Юлия Путинцева жекелей сында да 34-тен 31-ге көтеріліп, ТОП-30-ға қайта жақындады.

    Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орынын сақтап қалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →