Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды •

    «Еркектің күші бар екені сезіледі»: Назым Қызайбай гендерлік дауға қалған боксшы қыздарға қатысты көзқарасын айтты

    «Еркектің күші бар екені сезіледі»: Назым Қызайбай гендерлік дауға қалған боксшы қыздарға қатысты көзқарасын айтты

    Париж Олимпиадасынан қола жүлдегер Назым Қызайбай тестостерон деңгейі жоғары деп күдікке ілінген боксшы қыздарға қатысты көзқарасын айтты. 

    Алжирлік Иман Хелиф пен тайландтық Лин Ютин Париж Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. 2023 жылғы әлем чемпионатында олар гендерлік сынақтан өтпегендіктен жарысқа қатысу құқығынан айырылды. Осыған қатысты олар дауға қалды.

    «Бокс пен жекпе-жекте шашы қысқа, бұлшық еттері ірі қыздар бар, тіпті алжирлік әйелді алсақ, оның шаш үлгісі мен бұлшық еттері ер адамдікіне ұқсайтын шығар.

    Екінші жағынан, туа бітті генінде ерекшелік, жоғары тестостерон немесе еркек хромосомалары… Ол солай туды және бұл оның кінәсі емес. Бірақ менің ойымша, қандай да бір стандарт болса жақсы болар еді. Мысалы, егер тестостерон деңгейі жоғарыларды шеттеткен дұрыс сияқты”, – деді Қызайбай.

    Назым Қызайбай мұндай дау боксшыларға пайдасын да әкелгенін айтты.

    “Меніңше, бұл оқиға Хелифке пайдасын да әкелді. Басында, әрине, өзін жаман сезінді, қазір оны бүкіл әлем таниды. 2 миллион оқырманы бар. Бұл дау көтерілмесе, әйгілі болмас еді», – деді спортшы.

    Қола жүлдегерінің айтуынша, әрбір боксшы қыз ерлермен спаррингте жұмыс істегендіктен, әйелдердің соққыларын ерлердің соққыларынан ажырата алады.

    “Ол қыз болғанымен, еркектікіндей күші бар. Бұрыннан білемін, жеңілген кездері де болды. Сонымен бір салмақта жаттыққан құрбым Хелифте еркектің күші бар екені сезіледі, бәрібір ерекшелік бар деп айтатын. Бірақ оның жеңілген кездері де болды”, – деді ол.

    Қызайбай бұған дейін Лин Ютинмен де жұдырықтасқан екен.

    “51 келіге дейінгі салмақта тайландтық әйелмен бокстастым. 2019 жылғы Азия ойындарында оның бойынан еркектік күшті байқамадым. Тіпті бірінші раундты 5:0 есебімен ұттым, бірақ соңында оның бойы да, қолы да ұзын болғандықтан, 3:2 есебімен жеңілдім», – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →