Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Құрылтай құрамы жаңа депутатпен толықты • «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Құрылтай құрамы жаңа депутатпен толықты • «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды •

    «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады

    «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады
    Фото: roza.alkozha/instagram

    Әнші Роза Әлқожа желідегі парақшасында «Сағындым сені» әні туралы жазды. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өнер иесі туындыға дем бергенін айта кетті.

    «Әр ән тірі организм. Ол өмір сүреді, өзінің тағдыры бар. Бағы бар, соры бар.
    Әр әннің түлеуіне, түрленуіне жол беру керек! Ол әртүрлі орындауда құлпыра береді, жаңа мазмұн алады. Әркім өзіне керек нұсқаны қабылдайды. Менің ән жайлы пікірім осылай.
    Бұл әнді қазақ-қырғыз, кабардина балкар елі орындайды. Түрік дүниесі тамсанған ән әу баста бала жүректің сағынышы еді. Таза сезімнің тұмасы болғандықтан да талайларды тербеді. Оған Ажардың ащы зары мен өкініші қосылғанда бар әттеңнің әйдік нотасын басты. Бұл сор мен бақтан тұратын тірлік-тепкінің шындығы еді…
    Енді Майра апамыз Серікболмен ән айт дегенде осы әнді ұсындым. «Сағындырған әндер-айда» елдің сағынып тыңдайтын әнін неге орындамасқа?! Серік інімнің зор дауысымен ән басқа бір кеңістікке алып кеткендей!», деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →