Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде 50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: апатқа кім жауапты? ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр Сапасыз жолдың кесірінен СҚО-да жүкті келіншек көз жұмды: Жамбыл ауданы әкімдігі қандай уәж айтады? ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді Ақтөбеде 50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: апатқа кім жауапты? ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр Сапасыз жолдың кесірінен СҚО-да жүкті келіншек көз жұмды: Жамбыл ауданы әкімдігі қандай уәж айтады? ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді

    Иракта шииттер қыздарды 9 жастан бастап күйеуге беретін заң жобасын ұсынды

    Иракта шииттер қыздарды 9 жастан бастап күйеуге беретін заң жобасын ұсынды

    Иракта шииттер «қыз баланың тұрмысқа шығу жасын 9-ға дейін төмендететін» заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Quardian.

    Бұл ұсынысқа қарсы шыққандар заң жобасы тоғыз жасар қыздарға некеге тұруға рұқсат беріп, әйелдердің құқықтарын шектеп, дін қызметкерлеріне көбірек өкілеттіктер беруі мүмкін деп қауіптеніп отыр.

    Иракта тоғыз жасар қыздарға некеге тұруға рұқсат беретін заң жобасы ел бойынша наразылықтар туғызып, әйелдер құқықтары қозғалысының белсенділері оны «балаларды зорлауды заңдастырады» мәлімдеді.
    Ирактың саяси жүйесінде үстемдік ететін шиит діни топтары елдегі әйелдердің құқықтарын шектеуге он жылдан астам уақыт бойы ұмтылып келеді.

    Көрші Сауд Арабиясынан айырмашылығы, Иракта әйелдерден некеге тұру немесе басқа маңызды өмірлік шешімдер қабылдау үшін күйеуінен, әкесінен немесе жынысы ер қамқоршысынан рұқсат алуды талап ететін ерлердің қамқорлық жүйесі жоқ.

    Дегенмен, осы аптада Ирак парламентінде алғашқы оқылымнан өткен жаңа ұсыныс бойынша, отбасылық мәселелер, соның ішінде неке, ажырасу және балаларды күту мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау құқығы діни билікке өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →