Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде 50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: апатқа кім жауапты? ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр Сапасыз жолдың кесірінен СҚО-да жүкті келіншек көз жұмды: Жамбыл ауданы әкімдігі қандай уәж айтады? ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді Ақтөбеде 50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: апатқа кім жауапты? ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр Сапасыз жолдың кесірінен СҚО-да жүкті келіншек көз жұмды: Жамбыл ауданы әкімдігі қандай уәж айтады? ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді

    Ресейге басып кірген Украина әскері Белгород облысына шабуыл жасап жатыр

    Ресейге басып кірген Украина әскері Белгород облысына шабуыл жасап жатыр

    Белгород облысында таңертеңнен бері қиян-кескі шайқас жүріп жатыр. Ұрыс жайында Украина мен Ресейдің Telegram-арналары таңертеңнен бері жан-жақты мәлімет тарата бастады. Өткен аптада Курск облысына кірген укарин сарбаздары ондаған ауылдарды басып алды. Украина әскері Суджа мен басқа да аудандардың селоларындағы жергілікті әкімшіліктің ғимараттарына ту тіккен.

    Енді Украина Белгород облысына шабуылды бастады. Украина БАҚ-тың хабарлауынша, шекара маңындағы Пороз селосында шайқас болып жатыр. Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков та тұрғындарды көшіру басталғанын растады. 

    «Жау Белгород облысының Краснояруж ауданына шабуылды бастады. Қазір біз тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмысын бастадық», — деді Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков.

    Порозға Украина сарбаздары мен Грузияның еріктілер жасағы кірген. Осыған байланысты Ресей Белгород пен Донецк маңындағы әскердің бір бөлігін Курск облысына жіберуге мәжбүр болды. Бірақ одан тиісті нәтиже шығара алмай отыр. Керісінше, Ресей билігі  Курск облысынан 76 мың адамды эвакуациялаған. Бұл туралы РФ Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

    Қазір Курск облысындағы ұрыс аумағы ұлғайып, 650 шаршы шақырымға дейін жетті. Бұған дейін Украина әскері шешенстандық «Ахмад» жауынгерлерін тұтқынға алғаны жарияланған еді. 

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →