Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды 1 қыркүйектен бастап қандай өзгерістер болады Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды 1 қыркүйектен бастап қандай өзгерістер болады Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты

    Атыраудағы балалар өлімі: бас прокуратура мәлімдеме жасады

    Атыраудағы балалар өлімі: бас прокуратура мәлімдеме жасады

    Соңғы уақытта Атырауда балалардың өліміне байланысты бірнеше қайғылы жағдай болған. Бас прокуратура осыған қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

    4 шілдеде Жеңіс саябағында қыз бала дұрыс бекітілмеген бюсттің құлауынан қайтыс болды.  Бір аптадан кейін, 10 шілдеде балабақшада бала септикке құлап, төрт күннен кейін қаза болды, 14 шілдеде қалалық орталық бассейнде қыз бала суға батып кетті, ал 26 шілдеде субұрқақта (фонтан) тағы бір қыз бала сорғының (насос) салдарынан қайтыс болды.

    27 шілдеде Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында жасөспірім мотоциклмен түйеге соқтығысып, алған жарақаттарынан қайтыс болды.

    Келесі күні көпқабатты үйлердің бірінен 15 жасар оқушы терезеден секіріп, өз-өзіне қол жұмсады.

    ​«Әрбір іс біздің ерекше бақылауымызда. Қазір уақытта қайғылы оқиғаларға себеп болған тұлғаларды анықтау және оларды жауапқа тарту мақсатында шаралар алынуда. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, бұндай фактілерді болдырмауға және болашақта қайталауға жол бермеуге барлық жағдайлар жасалады», — деп атап өтті облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов.

    Қазіргі уақытта облыс бойынша «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы жүзеге асырылуда. Прокурорлар қиын тұрмыстық жағдайға тап болған 50-ден астам отбасына барып, кәмелетке толмағандар арасында қайыр сұрау фактілері анықталып, ата-аналары жауапкершілікке тартылып жатыр.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →