Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді •

    Париж Олимпиадасы: Геннадий Головкин бокстан жарыс күнін ашып берді

    Париж Олимпиадасы: Геннадий Головкин бокстан жарыс күнін ашып берді

    Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнін ашып берді, деп жазды Qazaq Today ақпарат порталы.

    2024 жылғы Париж Олимпиадасын ұйымдастырушылар даңқты қазақстандық спортшыға құрмет көрсетіп, 31 шілдедегі бокс бәсекесін ашу мәртебесін ұсынды.

    Геннадий Головкин ағаш таяқпен еденді үш рет ұрып, жекпе-жектердің басталғанын хабарлады.

    Бұл 2024 жылғы Олимпиада ойындарына енгізілген басты жаңалықтардың бірі. Ұйымдастырушылар Францияның мәдени дәстүрлеріне басымдық бере отырып, театр мен спортты біріктеруге ұмтылған.

    Аталған дәстүр көпшілікті спортшылардың өнеріне үлкен құрметпен қарауға шақырады.

    Үш соққы көрермендерді әрбір оқиғаның жанкүйер құрметіне лайық екенін еске салады және үш соққы орындалған кезде театрдағы секілді, трибунаға жиналған жанкүйерлер де бір минут үнсіздік сақтауы керек.

    Фото: olympic.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →