Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты •

    Қытайлық қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқан Олимпиадада жеңіліп қалды

    Қытайлық қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқан Олимпиадада жеңіліп қалды

    Фото: mp.weixin.qq.com

    Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан сынға түскен қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан қарсыласынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ол 1/16 финалда доминикалық боксшы Кристиан Пиналеспен жұдырықтасып, 5:0 есебімен қарсыласына есе жіберді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер Кристиан Пиналесті жеңімпаз деп тапты.

    Айта кетсек, Қытайдағы қазақ боксшысының салмағында Қазақстан намысын Нұрбек Оралбай қорғайды.

    Осыған дейін көптеген жанкүйерлер екі қазақ боксшысы Париж олимпиадасында жолы түйісуі мүмкін деп топшылаған болатын. Бұл Тоқтарбектің спорттық мәнсабындағы екінші олимпиадасы. Ол осыған дейін Токио төрінде де сынға түскен еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →