Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті •

    Парижде Елдос Сметовтің ту көтеруіне жарыс ұйымдастырушыларының бірі кедергі келтірген (ВИДЕО)

    Парижде Елдос Сметовтің ту көтеруіне жарыс ұйымдастырушыларының бірі кедергі келтірген (ВИДЕО)

    Қазақ дзюдошысы Елдос Сметов Олимпиада алтынын жеңіп алып, аренада Қазақстан туын алып жүрмек болғанда, жарыс ұйымдастырушылардың бірі оған кедергі келтірмек болған. Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Еске салайық, 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сметов финалда жарыс қожайыны – франциялық Лука Мхеидземен татамиге шығып, жеңіске жеткен болатын. Бұл белдесуді Франция президенті Эмманюэль Макронның өзі келіп тамашалаған.

    Осы жеңістен кейін отандасымыз трибунадағы жанкүйерлердің бірінен Қазақстан туын алып, оны желбіретіп жүгіріп өтті. Ал, осы сәтте арнайы киім киген әйел тудың шетін ұстап, тартумен әлек болған. Елдос оған екі рет ескерту жасады.

    Tengri Sport басылымының жазуынша, аренада туды желбіретіп жүгіріп өтуге ешқандай тыйым жоқ. Ұйымдастырушылардың неліктен мұндай қадамға барғаны түсініксіз.

    Фото: olympic.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →