Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО) 3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО)

Ресми: Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды

Ресми: Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды. Бұл туралы отандық теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today порталы Olympic.kz сілтеме жасап. 

Рыбакинаның жазғы ойындардан сырт қалуына денсаулығының сыр беруі себеп болған.

«Елена бронхиттің қабынуынан сырқаттанып қалды, дәрігерлер оның кортқа шығуына ғана емес, жарысқа ұшып келуіне де қатаң тыйым салды. Рыбакина жазғы ойынға белсенді түрде дайындалып, өзінің жоғары деңгейін көрсеткісі келген. Алайда, сырқатына байланысты бұл мүмкін болмады», — делінген федерация  хабарламасында.

Айта кетелік, Елена Рыбакина жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша румыниялық Кристиан Жаклинмен кездесуі  керек еді.

Рыбакина бұған дейін Токио Олимпиадасына қатысып, қола медаль үшін өткен матчта жеңіліс тапты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика