Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақ аруы 2026»: Аша Матай жеңімпазды құттықтап, байқауды жүргізу мәнері сынға ілікті • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • «Қазақ аруы 2026»: Аша Матай жеңімпазды құттықтап, байқауды жүргізу мәнері сынға ілікті • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды •

    «Әйелдерді жақсы көремін»: Аралас жекпе-жек чемпионы Жалғас Жұмағұлов үшінші әйел алуды жоспарлап жүр

    «Әйелдерді жақсы көремін»: Аралас жекпе-жек чемпионы Жалғас Жұмағұлов үшінші әйел алуды жоспарлап жүр

    Қазақстандық аралас жекпе-жектен чемпион және екі әйелі бар Жалғас Жұмағұлов үшінші жарын алуды қарастырып жатыр. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі Rukh Entertainment порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    – Сіздің үш әйеліңіз бар ма?
    – Әзірге екеуі бар. Жақында үшеу болады деп ойлаймын, – дейді Жалғас Жұмағулов.

    «Ойда біреу бар… Арыстандар көп, бірақ әр арыстанда өзінің «прайдына» дегенін жасатамын. Мен соларды басқаратындардың бірімін. Мен әйелдерді жақсы көремін. Әйелдерді жақсы көрсең, үйлен… Аталарымның осыған ұқсас оқиғаларын білемін. Оларда да көп әйелі болған, біздің мәдениетімізде бұл мәселе емес. Менің әлсіздігім – ол әйелдер, хош иісті әтірлер. Жылқыларды ұнатамын. Қазір мені көбі оңды-солды қыдырады деп дұрыс түсінбеуі мүмкін. Дәл осы жерде мен оңды-солды қыдырмаймын», – деп түсіндірді спортшы Жұмағулов.

    Жұмағұлов өзінің әйелдерді жақсы көретінін тағы да айтып, екінші әйел алғанын еске салды.

    «Енді бір ағам үшінші әйел алуға түрткі болып жатыр. Үлкен мотивация беріп жатыр. Мен мұны жасырмаймын, шындықты айтып отырмын. Әйелдерді жақсы көрсең үйлен. Егер сіз біреуді жақсы көрсеңіз, біреуіне қанағаттаныңыз. Бірақ басқалар үшін солға кетпеңіз. Бұл біреудің қарындасы, біреудің қызы, анасы. Зинақорлық – күнә. Егер сіз оны жасасаңыз, ол сізге міндетті түрде оралады. Саған да, отбасыңа да, әпке, тіпті әйеліңді біреу пайдаланатын шығар», – деп келтіреді Жұмағұлов.

    Еске салайық, Жұмағұлов 2020-2023 жылдар аралығында UFC турнирінде өнер көрсеткен. Әлемнің ең үздік лигасында ол бір жеңіске жетіп, алты рет жеңіліске ұшырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →