Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды •

    Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға жеткізілді

    Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға жеткізілді

    «Сотталушы сот үкімі бойынша қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Сонымен қатар Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

    Кодекске сәйкес өзге   ақпаратты жария етуге болмайды.

    Айта кеткен жөн, бұған дейін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев колонияда қандай жұмыс істей алатынын айтқан еді.

    «Біріншіден, Бишімбаев әлі тергеу изоляторында. Екіншіден, оның жұмыс істеуіне қатысты: өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорында, мысалы ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады.

    Бұл мәселені жұмыспен қамту бөлімі шешеді, келгеннен кейін 15 күн карантинде болады. Біз оны зерттейміз, одан әрі тәрбие жұмысы жүргізіледі. Психологтер басқа тұтқындармен жұмыс істейтін болады»,– дейді Жәнібеков.

    Еске салайық, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін айыпталған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған еді. Ал қылмысты жасырып қалған туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →