Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Алматы теміржол вокзалының басшысы жұмысынан шеттетілді

    Алматы теміржол вокзалының басшысы жұмысынан шеттетілді

    ҚТЖ-ға билеттерді заңсыз қайта сатумен байланысты жолаушылардан бірнеше рет шағым түсті, дейді компанияның баспасөз қызметі.

    «Алматы-1 теміржол вокзалында билеттерді қайта сатып алушылармен күрес аясында Қазақстан темір жолы қызметкерлері жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, өз тергеуін жүргізді. Нәтижесінде билеттерді заңсыз қайта сату және темір жол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау фактілерін анықтады. Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан», – деп мәлімдеді ҚТЖ.

    Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді. Вокзал бастығы тергеу жүргізу кезеңінде лауазымынан шеттетілді. Оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексеру еліміздің барлық вокзалында жүргізіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →