Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қашаған кен орнындағы келісімшарттарда сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды Ақтөбеде заманауи кәріз тазарту кешенінің құрылысы басталды Астанада он адам ВИЧ жұқтырды деген күдікке ілінді «Неге маған айтпады?»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының әрекетіне ренжіді Ұлдана Мырзуанның анасы: банкте қызымның несиесі жоқ екенін өзім тексердім Маңғыстау балуаны Жантілек Нұртілепұлы Qazaqstan Barysy-2026 жеңімпазы атанды Қашаған кен орнындағы келісімшарттарда сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды Ақтөбеде заманауи кәріз тазарту кешенінің құрылысы басталды Астанада он адам ВИЧ жұқтырды деген күдікке ілінді «Неге маған айтпады?»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының әрекетіне ренжіді Ұлдана Мырзуанның анасы: банкте қызымның несиесі жоқ екенін өзім тексердім Маңғыстау балуаны Жантілек Нұртілепұлы Qazaqstan Barysy-2026 жеңімпазы атанды

    Қайрат Нұртас 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Қайрат Нұртас 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Танымал әнші Қайрат Нұртас бұзақылық бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып, 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында хабарлады.

    «Танымал әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында жанжал шығарып, салдарынан жолаушы Асылбек Бекқайыров зардап шекті. Ұшақ командирі полиция шақырып, төбелеске қатысқан екі азамат те полиция бөлімшесіне жеткізілді. Нұртасқа қасақана жеңіл зиян келтіру және бірнеше рет ұсақ бұзақылық жасағаны үшін хаттама толтырылды», — делінген хабарламада.

    Журналисттің айтуынша, әншіге қатысты қатал жаза қолданылуы мүмкін.

    «Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі — «Әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясында айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған», — делінген хабарламада.

    Қайрат Нұртас түнде Шымкентте ұсталды. Көліктегі полиция департаменті әншіге қатысты «Алматы-Астана» рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасап, қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Материалдар қарау үшін сотқа жіберілді.

    Бұл Қайрат Нұртастың жанжалдың ортасына түсуі бірінші рет емес. Жақында атыраулық мейрамхана қожайыны оны сәтсіз өнер көрсеткені үшін алған авансын заңсыз пайдаланды деп айыптап, сотқа берді. Бірақ ол сотта жеңіліп қалды. Сахнада орынсыз жүріс-тұрысы мен жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әртіске де бірнеше рет айыппұл салынды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →