Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр: финалға 19 спортшы шықты • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр: финалға 19 спортшы шықты •

    Қытай қазақ халқына ешқашан жамандық жасаған емес – Қасым-Жомарт Тоқаев

    Қытай қазақ халқына ешқашан жамандық жасаған емес – Қасым-Жомарт Тоқаев

    Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөздерінен кейін тарихта Қытайдың ешқашан қазақ еліне зияны тимегенін алға тартты. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге Қазақстанға сапармен келгеніне алғыс білдіріп, мұны қазақ-қытай үшін тарихи оқиға екенін жеткізді.

    “Бұл – екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге деген ниетіңіздің айқын көрінісі. Қытай біз үшін татулығы жарасқан досы, көрші мен мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктес. Бұл біздің елдеріміз үшін ортақ құндылықтар мен ортақ ұстаным деп айтқым келеді. Мұның терең тарихи тамыры бар, – деді президент.

    Мемлекет басшысы ежелден бері екі елдің халықтары арасында өзара қолдау негізінде тығыз сауда және гуманитарлық байланыстар белсенді дамып келе жатқанын да алға тартты.

    “Тарихтың тереңіне үңілсек, Қытай қазақ халқына ешқашан жамандық жасаған емес. Ешқандай кедергі келтірген жоқ. Тек көмектесті. Біздің елдеріміз әрқашан тығыз байланыста және достықта болды. Бүгін де солай қалады. Мен бұған сенемін. Бір сөзбен айтқанда, біз бұл жолды міндетті түрде жалғастырамыз. Біздің халықтар арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты нығайтамыз. Бүгінгі келіссөздердің нәтижелері осының айқын дәлелі”, – деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Еске салсақ, Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алған еді. Астанада 3-4 шілде күндері өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →