Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 30 шілде 2026 $ 476,8 543,3 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы тоғыз қабатты үйдің шатырындағы өрт сөндірілді Қазақстанда ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы жалғасуда Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесушілерді әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Олимпиаданың жаңа үміті: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын алғаш рет жеңіп алды Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентімен кездесті 29 шілдеде көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ Атыраудағы тоғыз қабатты үйдің шатырындағы өрт сөндірілді Қазақстанда ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы жалғасуда Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесушілерді әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Олимпиаданың жаңа үміті: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын алғаш рет жеңіп алды Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентімен кездесті 29 шілдеде көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ

    Қытай сыртқы саясатында Қазақстанға басымдық береді және Орталық Азиядағы маңызды серіктес ел санайды

    Қытай сыртқы саясатында Қазақстанға басымдық береді және Орталық Азиядағы маңызды серіктес ел санайды

    Си Цзиньпин қазақ жерінде құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    – Құрметті Президент мырза, қымбатты досым! Менің сапарыма мән беріп отырғаныңызға ризашылығымды білдіремін. Сіз Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен сәттен бастап реформалар мен елдің дамуын белсенді әрі мақсатты түрде ілгерілетіп келесіз. Ішкі және сыртқы саясатта тиімді шаралардың тұтас топтамасын қабылдадыңыз. Соның нәтижесінде еліңіздің жалпы қуаты мен халықаралық беделі айтарлықтай артты. Тату көрші ретінде біз бұл жетістіктерге шын жүректен қуанамыз. Былтыр екеуіміз Сиань мен Бейжіңде екі рет кездесіп, жаңа жоспарларды белгіледік.

    Сондай-ақ «алтын отыз жылдықта» қытай-қазақ қатынастарын қарқынды дамытудың негізгі бағыттарын айқындадық. Қытай Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты әрдайым стратегиялық тұрғыдан және ұзақмерзімді перспектива деңгейінде қарастыратынын растағым келеді. Сондай-ақ көршілес елдерге қатысты ұстанатын өзінің сыртқы саясатында Қазақстанға басымдық береді және Орталық Азиядағы маңызды серіктес ел санайды. Қытай-қазақ байланыстарын қамтамасыз етуде біздің ерік-жігеріміз бен ұстанымымыз өзгермейді және конъюнктуралық ықпалға ұшырамайды. Қытай әрқашан Қазақстанға сенімді тірек болатынын мәлімдеймін, – деді ҚХР Төрағасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →