Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр

    Қарағанды облысында суға батып кеткен екінші оқушы қыздың денесі табылды

    Қарағанды облысында суға батып кеткен екінші оқушы қыздың денесі табылды
    Қарағандық құтқарушылар Нұра өзеніне батып кеткен 15 жасар қыздың мәйітін тапты. Бұл туралы 2024 жылдың 2 шілдесінде облыстық ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Естеріңізге сала кетейік, 29 маусымда Нұра өзенінде екі оқушы суға батып кетті. Қайғылы оқиға Бұқар жырау ауданының Қызылжар кентінде болған. 19: 00-де жедел құтқару жасағының күштері 2011 жылы туған қыздың денесін тауып, шығарып алды. 2009 жылы туған қызды іздеу жалғасуда.

    «Сағат 08:50-де сүңгуірлер үш күн бойы іздеуде болған 15 жасар қыздың денесін тапты… Суға батқан екінші қыздың денесін құтқарушылар шомылу орнынан шамамен 1300 м қашықтықта тапты», деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

    Іздеуге облыстық ТЖД және ПД, Теміртау қалалық аңшылар мен балықшылар қоғамының қызметкерлері, туыстары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

    Қарағанды облысында суға батып кеткен екінші оқушы қыздың денесі табылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2024 13:05

    Сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

    Барлығы 40 адам, тоғыз бірлік техника және жеті жүзу құралдары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына өзеннің қатты ағысы кедергі келтірді.

    Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →