Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 30 шілде 2026 $ 476,8 543,3 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Гүлнұр Оразымбетова ақ шілтерлі көйлектегі суретін жариялады Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» ашылу салтанатында сөз сөйледі Қазақстан семсерлесушілері Әлем чемпионатында тұңғыш алтын алды Ержан Тоқтағұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды Жамбыл облысында көлік ішінен отшашу атқан жігіт жазаланды Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді Гүлнұр Оразымбетова ақ шілтерлі көйлектегі суретін жариялады Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» ашылу салтанатында сөз сөйледі Қазақстан семсерлесушілері Әлем чемпионатында тұңғыш алтын алды Ержан Тоқтағұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды Жамбыл облысында көлік ішінен отшашу атқан жігіт жазаланды Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді

    «Асыға күтеміз»: Тоқаев Си Цзиньпиннің Қазақстанға алдағы сапарына қатысты пікір білдірді 

    «Асыға күтеміз»: Тоқаев Си Цзиньпиннің Қазақстанға алдағы сапарына қатысты пікір білдірді 

    ШЫҰ саммиті мен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне сұхбат берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Тоқаев сұхбатында Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен әріптестігін жоғары бағалайтынын және ҚХР басшысын өзінің досы деп атайтынын айтты.

    «Біздің қарым-қатынасымыз берік достық, ортақ тарих және тату көршілік қарым-қатынастарға негізделген. 2022 жылғы қыркүйекте досым Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында біз екіжақты ынтымақтастықтың «алтын 30 жылдығын» бастадық. Қытай басшысының пандемиядан кейінгі алғашқы шетелге сапары Астанаға болғаны қуантады. Бұл Бейжіңнің сыртқы саясатындағы Қазақстанмен қарым-қатынастың басымдылығын тағы да растайды», — деді Тоқаев.

    ёСондай-ақ ол кейінгі жылдары Қытайға үш рет барғанын еске алды.

    «Әрине, жеке байланыстарды дамыту ынтымақтастығымызды тереңдетуге және екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста жаңа көкжиекті ашуға маңызды серпін береді. Осы жылдар ішінде арамызда қалыптасқан шынайы достық және сенімді қарым-қатынастар жаңа ұлы мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізеді», — дейді Қазақстан президенті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →