Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды

Тәжікстанда «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге ресми түрде тыйым салынды

Тәжікстанда «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге ресми түрде тыйым салынды

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңға қол қойды. Ол елде «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Эмомали Рахмон 35 заңға қол қойды, оның ішінде «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы», «Баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жауапкершілік туралы», «Тәжік ұлттық университеті туралы», «Тәжікстан ұлттық университеті туралы», «Есептеу көрсеткіштері туралы» заңдар және т.б. бар. Бұл туралы Ховар ақпарат агенттігі жазды.

«Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңда басқалармен қатар «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге және сатуға тыйым салынады. Заңды орындамағаны үшін айыппұл қарастырылған. Бұл ретте киімнің қай түрі «ұлттық мәдениетке жат» деп саналатыны нақты көрсетілмеген.

Ховар мәліметінше, жаңа редакциядағы заңдар ұлттық мәдениеттің шынайы құндылықтарын қорғауға, мерекелер мен салт-дәстүрлерді өткізу кезінде ырымшылдық пен наным-сенімге, ысырапшылдыққа жол бермеуге, Тәжікстан халқының рухани және әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеруге, сондай-ақ баланың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, баланы адамгершілік, патриоттық мақтаныш, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу рухында оқыту және тәрбиелеуге бағытталған.

Қол қойылған заңдар баспасөзде жарияланады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика