Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алтайдағы жол апатынан екі қазақстандық қаза тапты Ресей Алтайындағы жол апатынан қаза тапқан ерлі-зайыпты алты баланың ата-анасы болып шықты Жазира Байырбекова анасын Алматыға көшіріп, батасын жиі алып тұрады АХҚО-да ICM Group Ltd холдингтік компаниясы тіркелді Банктер мен микроқаржы ұйымдары 2025 жылы 73,8 млрд теңге қарызды есептен шығарды Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасының ғимараты мен жері мемлекетке қайтарылды Алтайдағы жол апатынан екі қазақстандық қаза тапты Ресей Алтайындағы жол апатынан қаза тапқан ерлі-зайыпты алты баланың ата-анасы болып шықты Жазира Байырбекова анасын Алматыға көшіріп, батасын жиі алып тұрады АХҚО-да ICM Group Ltd холдингтік компаниясы тіркелді Банктер мен микроқаржы ұйымдары 2025 жылы 73,8 млрд теңге қарызды есептен шығарды Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасының ғимараты мен жері мемлекетке қайтарылды

    «Өмірімде аспаз жалдамаппын»: Ауласына ошақ құрып, ет асқан Мақпал Жүнісоваға көпшілік сүйсінді

    «Өмірімде аспаз жалдамаппын»: Ауласына ошақ құрып, ет асқан Мақпал Жүнісоваға көпшілік сүйсінді

    Халық әртісі Мақпал Жүнісова қалада тұрғанына қарамастан, ауласында қазан көтеріп, ет асып жұртты таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Өнер иесінің төрт қабатты үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан еді.
    “Біздің үйге құдайы қонақтар келіп жатыр. Қарағандыдан үлкен әпшем келіп, қызы оқу бітіріп, сол кісілерге кіші қазаныма ет асып, нанын салып, құрмет қылайын деп жатырмын. Үйіме кіргізе алмай отырмын. Астан-кестеңі шығып жатыр. Шымкентте оқып бітіргесін, көбіне “әпше, өлә” деп айта беремін. “Қасқа” деп оралдықтармен көп араласқасын әлі айтып қаламын, айып етпеңіздер. Өмірімде аспаз жалдап, қонақ шақырып көрмеппін. Өзімнің үлкен әпкем тамақты керемет дайындайды. Сол кісіге сенемін. Бүгін қазан-ошақтың басында өзім жүрмін”, – деп күлді әнші.

    Халық әртісінің далада қазан құрып, қонақтарына сый-құрмет жасап жатқанын көрген желі қолданушылары ризашылықтарын білдіріп жатыр.
    “Жер ошаққа піскен еттің иісі мұрынға келді”, “Аңыз адамға аспаз болған да жарасады екен”, “Әпкелеріңіз екеулеріңіз қатты ұқсайды екенсіздер”, “Қазаныңыз оттан түспесін, құда келсін енді шаңырағыңызға”, “Нағыз қазақи келіншек болып жүрсіз”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →