Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресей Алтайындағы жол апатынан қаза тапқан ерлі-зайыпты алты баланың ата-анасы болып шықты Жазира Байырбекова анасын Алматыға көшіріп, батасын жиі алып тұрады АХҚО-да ICM Group Ltd холдингтік компаниясы тіркелді Банктер мен микроқаржы ұйымдары 2025 жылы 73,8 млрд теңге қарызды есептен шығарды Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасының ғимараты мен жері мемлекетке қайтарылды Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің күйеуіне қатысты іс тоқтатылды Ресей Алтайындағы жол апатынан қаза тапқан ерлі-зайыпты алты баланың ата-анасы болып шықты Жазира Байырбекова анасын Алматыға көшіріп, батасын жиі алып тұрады АХҚО-да ICM Group Ltd холдингтік компаниясы тіркелді Банктер мен микроқаржы ұйымдары 2025 жылы 73,8 млрд теңге қарызды есептен шығарды Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасының ғимараты мен жері мемлекетке қайтарылды Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің күйеуіне қатысты іс тоқтатылды

    «Бір өлімнен аман қалдым»: Сәбит Әбдіхалықов денсаулығы сыр бергенін айтты

    «Бір өлімнен аман қалдым»: Сәбит Әбдіхалықов денсаулығы сыр бергенін айтты

    Актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты, — деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Актер БазарLike бағдарламасында өмірі мен өнердегі жаңалықтарын жеткізді. Айтуынша, жақында ғана ауруханадан шыққан. 2016 жылы инфаркт алған ол сол дертпен әлі күресіп келе жатқанын айтады.

    “Жүрегіме 4 жылда 5 стент қойдырдым. Инфаркт кезінде 99 пайызға дейін тамыр бітеледі. Инфаркт болғанда қазір жап-жас жігіттер қайтыс болып кетеді ғой. Солар «көкірегі ауырды деп оянбай қалды, жүріп кетті» дейді. Құрметті көрермендер, көкірек тұсы ауыра бастаса, оған мән беріңіздер. Жедел жәрдем күтпей, өздерің-ақ ауруханаға жүгіріңдер. Менің жағдайымда көкіректі кесіп, жүректі демалтып, жуып-тазалап, ішіндегі жаман нәрселерді алып тастап, аяқтан төрт тамыр алып жалғады. Сөйтіп қайта жауып қойды. Құдайға шүкір, қазір күтіну керек. Осы күнге дейін мән бермей, күтінбей жүре беріппін. Бір өлімнен аман қалдым», – дейді актер.

    Сәбит Әбдіхалықов бүгінде жастардан құралған «Назар» драма театрын құрғанын жеткізді. Жақында театрдың тұсауы кесіліп, алғашқы спектаклі көрермен назарына ұсынылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →