Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Владимир Путин Солтүстік Кореяға барды

    Владимир Путин Солтүстік Кореяға барды

    Фото: Vladimir Smirnov, Sputnik, Kremlin Pool Photo via AP

    Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяға ресми сапармен барды. Оны ұшақтан шыға берісте ел басшысы Ким Чен Ын күтіп алған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Солтүстік Корея – Ресейдің Украинаға басып кіруін тікелей қолдайтын және Қырымның аннексиялануын мойындайтын әлемдегі бірнеше елдердің бірі. Путин оған 2000 жылдан кейін екінші рет барып отыр.

    Сапар алдында Путиннің Украинаға басып кіруді қолдағаны үшін КХДР-ға алғыс білдірген мақаласы жарияланды. Солтүстік Корея Ресей армиясын артиллериялық снарядтармен және зымыран кешенімен қамтамасыз етеді.

    Мәскеу бұған жауап ретінде Пхеньянға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларымен тыйым салынған зымыран бағдарламасына көмектесіп жатыр деген болжам бар.

    Бұған қоса, Мәскеудің кезінде өзі дауыс берген Қауіпсіздік кеңесінің басқа да санкцияларын бұзып жатқаны хабарланған.

    Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қыркүйекте Мәскеудің санкциялардан бас тартуға ниетті екенін, өйткені олар «мүлдем басқа геосаяси жағдайда» қабылданғанын айтты. Бұл ұстаным Ресейді Қауіпсіздік кеңесінің талаптарын орындаудан босатпайды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →