Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Хендон» футболшысы Эзекиль Уильямс 26 жасында қайтыс болды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • «Хендон» футболшысы Эзекиль Уильямс 26 жасында қайтыс болды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды •

    «Айтысты тірілтемін деп жүріп өзім өлуге айналыппын»: ақын Жүрсін Ерман денсаулығы туралы айтты

    «Айтысты тірілтемін деп жүріп өзім өлуге айналыппын»: ақын Жүрсін Ерман денсаулығы туралы айтты

    Танымал ақын, ұзақ жылдар бойы айтыстың басы-қасында жүрген Жүрсін Ерман депутат Аманжол Әлтаевқа сұхбат берді, – деп хабарлайды Qazaq.today.

    Сұхбат барысында ақын 12 күн бойы комада жатқанын айтты. Ауырған кезде халықтың қолдауын сезініп, содан күш алғанын жеткізді.

    «Көптің тілегі  – көл. Қатарға қосылуыма тілекшілерімнің тілеуі, дұғасы себеп болды ма деп ойлаймын. Бірінші Алладан ғой. Халықтың қолдауы, тілеуіңді тілегенін сезіну кісіге күш, дем береді екен. 70-80 ақын бірінен кейін бірі іздеп келді. Үйде, ауруханада жатқанымда сәлем беріп, көңіл сұрап кетті. Кеше Мұқағали Сейітқазының шығармашылық кешіне қатыстық қой. Осы көктемгі салым Ұлытау табанынанбыз деп 3 ақын келді біздің үйге. Мұқағали Сейітқазы, Абай Ораз, тағы бір үшінші жас ақын келді. Батамды алуға іздеп келген беті екен. Соның өзі ізімнен ерген жастар, адамдар бар екен деп ойлануға мүмкіндік береді екен. Айтысты тірілтемін деп жүріп өзім өлуге айналыппын»,- дейді ақын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →