Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Хендон» футболшысы Эзекиль Уильямс 26 жасында қайтыс болды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • «Хендон» футболшысы Эзекиль Уильямс 26 жасында қайтыс болды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды •

    Тальгода зорланған қыздың оқиғасы: жолсерік мерзімінен бұрын босатылған

    Тальгода зорланған қыздың оқиғасы: жолсерік мерзімінен бұрын босатылған

    Фото: Tengrinews.kz коллажы

    «Тальго» пойызында қыз зорланған оқиғаға қатысты сотталғандар бостандыққа шықты, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Ақтөбе қаласының №2 соты өкілдері пойызда қыз зорланған оқиға бойынша сотталғандар неліктен босатылғанын айтты, деп жазады massaget.kz.

    2019 жылы шілдеде Қостанайда қызды зорлады деп айыпталған Астана — Нұрлы Жол — Ақтөбе (Тальго) пойызының жолсеріктеріне сот үкімі шықты. Бұл істің қатысушылары Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Сол кезде олар 2,5 және 2,3 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Сергей Миронов/ kstnews.kz

    Ресми мәліметтер бойынша 2022 жылғы 22 маусымда сот сотталған Құрманиязовқа қатысты жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы материалды қараған. Ол кезде жәбірленушіге сот отырысының уақыты мен орны хабарланған, бірақ жәбірленуші сот отырысына келмеген.

    «Сот К.С. Құрманиязовтың жалпы жазаны өтеген кезіндегі іс-әрекетін мұқият зерделеп, қоғамдық қауіпті ескере отырып, ол жасаған қылмыс бойынша жазаны толық өтеу қажет емес деуіне негіз жоқ және осыған байланысты  жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты деген қорытындыға келді», — деп жазылған сот түсіндірмесінде.

    2022 жылы тамызда Ақтөбе облыстық соты сотталған Құрманиязовтан түскен материалды қараған. Ол соттың шартты түрде мерзімінен босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған шешіміне қарсылық білдіріп, тағайындалған жазаның 1/2 бөлігін өтегенін, жазасын өтеу кезінде жақсы мінез-құлық көрсеткенін айтқан.

    «КА-168/2 мекемесі әкімшілігі тарапынан екі рет көтермелеу шаралары қолданылған, келтірілген материалдық, моральдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талап қойылмаған, сот үкімімен мемлекет кірісіне іс жүргізу шығыны толық көлемде өндірілді. №2 Ақтөбе сотының 2022 жылғы 22 маусымдағы қаулысы жойылды», — деп жазылған Ақтөбедегі №2 соттың түсіндірмесінде.

    Осылайша, сот сотталған Құрманиязовтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Екінші сотталған Жетес Үмбеталиев мерзімін өтегеннен кейін бостандыққа шыққан.

    «Үмбеталиев Ж.А. жазасын толық өтеуіне байланысты 2024 жылғы 9 сәуірде босатылды», — деді Ақтөбе №2 сотының баспасөз қызметі өкілі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →