Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды •

    Атырауда кісі өлімімен аяқталған жанжалдың куәгерлері дауға не себеп болғанын айтты

    Атырауда кісі өлімімен аяқталған жанжалдың куәгерлері дауға не себеп болғанын айтты

    56 жастағы ер адамды ұрып өлтірген күдікті 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жәбірленуші абайсызда көлігімен бөтен адамның автокөлігін соғып кеткен. Ашуға мінген жүргізуші сөзге келместен ер адамды соққыға жыққан. Ауыр жарақат алған жәбірленуші ауруханада қайтыс болды. Марқұмның артында төрт баласы мен бес немересі қалды.

    “Амандық аға сыйлы адам еді. Тірі жанды ренжітпейтін, сабырлы, мейірімді адам болатын. Кісі қолынан қаза тапты дегенге сенгім келмейді. Бұл орны толмас қаза”, – дейді марқұмның туысы Ләззат Тастаева.

    Оқиға болған жерге бірінші болып жәбірленушінің қызы жеткен. Ол әкесін жедел жәрдем көлігіне жатқызуға көмектескен. Сол сәтте күдіктінің айғайға басып, балағаттап жатқанын естіген.

    “Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қоғалып, күдікті Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – делінген хабарламада.

    Бұған дейін Атырауде екі ер адамның жанжалдасқан видеосы тарап еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →