Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды •

    Атырау облысында жол апатынан ерлі-зайыпты көз жұмды

    Атырау облысында жол апатынан ерлі-зайыпты көз жұмды

    Атырау облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам қайтыс болды. Жол апатынан қайтыс болғандардың ерлі-зайыпты екені белгілі болды. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    ПД мәліметінше, жол көлік оқиғасы кеше, 12 маусым күні болған.

    «Күндізгі сағат 14:50 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 454-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Жол апатына ұшыраған көліктің бірі – Kia Rio, екіншісі – DAF жүк көлігі. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Kia Rio автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», — делінген хабарламада.

    Жол апатына байланысты полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтауға кірісті.

    «Мұндай жол-көлік оқиғасының басты себебі арнайы ережені сақтамаудан туындайды. Аталған жол-көлік оқиғасы туралы айтатын болсақ, Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі соңғы 1 жыл ішінде 4 рет жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзғаны анықталды. Осындай себепке байланысты көлік жүргізушілерінен жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз», — делінген ПД мәліметінде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →