Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада жедел жәрдем стансасында 700 млн теңге ұрлағандар сотталды Хаби Алонсо: Дастан Сатпаев өте күшті әрі жылдам Қарағандыда №27 мектептің ағаштары оталып жатыр ма: Әкімдік рұқсат қағазын неге көрсете алмай отыр? Сенім экономикасы: Қазақстан инвестиция үшін жаһандық бәсекедегі позициясын қалай нығайтып жатыр? Министрлік тағы да бюджетті сылтауратты: Астанадағы нөсер суы мен вице-министрдің жауабы Мерекелік шаралар жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады — Ұйғыр этономәдени орталығының төрағасы Астанада жедел жәрдем стансасында 700 млн теңге ұрлағандар сотталды Хаби Алонсо: Дастан Сатпаев өте күшті әрі жылдам Қарағандыда №27 мектептің ағаштары оталып жатыр ма: Әкімдік рұқсат қағазын неге көрсете алмай отыр? Сенім экономикасы: Қазақстан инвестиция үшін жаһандық бәсекедегі позициясын қалай нығайтып жатыр? Министрлік тағы да бюджетті сылтауратты: Астанадағы нөсер суы мен вице-министрдің жауабы Мерекелік шаралар жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады — Ұйғыр этономәдени орталығының төрағасы

    Атырауда тісін жұтып қойған баланың 3 рет клиникалық өлімі тіркелген

    Атырауда тісін жұтып қойған баланың 3 рет клиникалық өлімі тіркелген

    Атырауда 5 жасар бала тісін жұтып қойып, тұншығып қалған. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

    11 маусым 19:23-те «103» пультіне баланың тұншығып жатқаны туралы қоңырау түскен. Жедел жәрдем бес минут ішінде келді. Жедел жәрдем келген кезде 5 жасар балада клиникалық өлім тіркелген.

    “Баланың тамыры соқпай, тыныс алмаған. Әкесінің айтуынша, 10 минут бұрын оның астыңғы алдыңғы тісі түсіп, бала абайсызда оны жұтып қойған. Жедел жәрдем келгенше әкем өз бетінше жүрек массажын жасады, бірақ нәтиже болмады. Фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Айбек Жеңісов реанимациялық шараларды бастап, барлық құрал-жабдықтарды дайындап, жүрек-өкпе реанимациясына кірісті, 3 циклден кейін бала тыныс ала бастады, – деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Сабырова.



    Алайда реанимациядан кейін балада клиникалық өлім белгілері байқалып, жүрек-өкпе реанимациясы жалғасты. Ауруханаға келгенге дейін жедел жәрдем көлігінде баланың үш рет жүрегі соқпай қалған. Бірақ әр кез сайын реанимация жасалған. Бала Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, қазір реанимацияда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →