Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды •

    «Жаңа адамдар»: «Қазақстан — бар ғұмырым» атты бірінші жастар конвентін өткізеді (ВИДЕО)

    «Жаңа адамдар»: «Қазақстан — бар ғұмырым» атты бірінші жастар конвентін өткізеді (ВИДЕО)

    13 шілдеде Астана қаласында «EXPO» алаңында «Жаңа адамдар»  «Қазақстан — бар ғұмырым» Бірінші жастар конвентін өткізеді.

    Қазақстан деген не? Бұл  ең алдымен — адамдар. Жаңа Әділетті Қазақстан — біздің бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыз туралы. Бұл -біз өмір сүріп жатқан елді қалай көретініміз және оны біздің арманымыздарымызға сай ету үшін жасайтын әрекеттеріміз туралы.

    Кез келген өзгерісті бастау үшін бірінші қадамды жасайтын адамдар табылады: өзгерістерді өздерінен бастайтын және өзгелерді артынан ілестіре алатын жандар.

    Мұны қалай жасауға болады? Ең әуелі біз бәріміз кездесуіміз керек. Әлеуметтік желілерде емес, бетпе-бет. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең белсенді жастар бір жерге жиналып, Жаңа Әділетті Қазақстан қандай болуы тиіс екендігі туралы өз жобаларын, түсініктерін талқыға салуы аса маңызды. Әрбіріміз оны жақындату үшін не істей алатынымызды талқылайтын боламыз.

    13 шілдеде Астана қаласында «EXPO» алаңында «Жаңа адамдар»  «Қазақстан — бар ғұмырым» Бірінші жастар конвентін өткізеді.

    Бір алаңда алғаш рет белсенді азаматтық ұстанымы бар жас, креативті, шығармашылық адамдар бүкіл елге: «Қазақстан – бар ғұмырым!»,- деп жариялау үшін бас қосатын болады.

    Сені бірегей білім беру бағдарламасы, бір жерде жиналған елдің үздік фестивальдары, акционисттер жарысы, танысу нүктелері және көлденең байланыстар рейтингі күтеді.

    Бірінші жастар конвентін қазақстандық үздік әртістердің ерекше өнер көрсетуі қорытындылайды.

    Елдің белсенді жастары қатыса алады. Ол үшін convention.kz  сайтына тіркел және бейнежазба түсір. Онда өзің туралы айтып, «Мен неге конвентке барамын?» сұрағына жауап бер. Бейнежазбаны әлеуметтік желіге #конвенткебарамын хэштегіменбелгіле және өз қалаңдағы Конвент кампусынан билет ал.

    Сендерді жылдың маңызды оқиғасында күтеміз!

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →