Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 28 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Министрлік тағы да бюджетті сылтауратты: Астанадағы нөсер суы мен вице-министрдің жауабы Мерекелік шаралар жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады — Ұйғыр этономәдени орталығының төрағасы «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты Үйіңіздегі есептеуіштер өзгереді: Коммуналдық төлемдерді бақылаудың жаңа жүйесі енгізілмек Нұрай Серікбайдың қазасы: Күдікті сотта сөз алды Мемлекет басшысы Перу Президентіне жеделхат жолдады Министрлік тағы да бюджетті сылтауратты: Астанадағы нөсер суы мен вице-министрдің жауабы Мерекелік шаралар жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады — Ұйғыр этономәдени орталығының төрағасы «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты Үйіңіздегі есептеуіштер өзгереді: Коммуналдық төлемдерді бақылаудың жаңа жүйесі енгізілмек Нұрай Серікбайдың қазасы: Күдікті сотта сөз алды Мемлекет басшысы Перу Президентіне жеделхат жолдады

    Күзде 11 жастағы қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау басталады

    Күзде 11 жастағы қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау басталады

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялауда қай елдің вакцинасы қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Министрдің дерегінше, жатыр мойны обыры бойынша жылына 1800-1900-дей жаңа науқас тіркеледі.

    “Негізінен бұл жас әйелдер. 600-дейі қайтыс болып жатады. Бүгінде 130-дан астам мемлекетте бірнеше жылдан бері жатыр мойны обырының алдын алуға бағытталған вакцинация қолданылады”, — деді ол.

    Ақмарал Әлназарова бүгінде еліміз адам папиллома вирусына қарсы көпвалентті вакцинаға тоқтағанын жеткізді.

    “Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, қазақстандық ғалымдар мен сарапшылардың ұсынысы. Негізінен АҚШ-та шығатын вакцина. Басқа елдерде тек қана 11 жаспенен шектелмей, басқа жастағы қыздарға да екпе жасап жатады”, — деп атап өтті ведомство басшысы.

    Тілшілер “Бұл вакцина бедеулікке алып келетіні миф пе?” деп нақтылады.

    “Иә, бұл миф. Мұны түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі деп білемін. Сондықтан барлық медицина қызметкерін оқыту, ата-аналарға және қыз балаларға түсіндіру жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін белсенді түрде жүргізетін боламыз”, — деді Ақмарал Әлназарова.

    Сөзінше, вакцинаны сатып алуға 9,5 млрд теңгедей қаражат бөлінді.

    “370 мыңнан астам екпе алынды, 175 мыңдай қыз бала вакцинацияға жатады. Негізгі цикл екі вакцинадан тұрады. (…) АҚШ-тың вакцинасын алуға шешім қабылданды”, — деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.

    Айта кету керек, бұл вакцинация ата-ананың келісімі негізінде ғана жүргізіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →